Кукушкин мен Бублик жұбы ширек финалда!

1709

"Аустралиан Оупен" теннис додасында қазақстандық жұп ширек финалға жолдама алды. 

Кукушкин мен Бублик жұбы ширек финалда!

Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы қарсылас біткенді жапырып келе жатыр. Бүгін олар америкалық жұп Стив Джонсон/Сэм Куэрриді 1 сағат, 10 минут уақытта жеңді. "Үлкен дулыға" санатына жататын бұл додада қазақстандық теннисшілер енді аустралиялық Джеймс Дакворт-Марк Полманс жұбымен ойнайды. Егер бұл сыннан да өтетін болса, отандастарымыз жарыстың жартылай финалына жолдама алады. 

Айта кетуіміз керек, жекелей сында Михаил Кукушкин дәл осы Марк Полманстан жеңілген еді. Бірінші айналымда қос теннисші бір бірімен кездесіп, 5 сеттік ауыр кездесу өткізді. Фаворит Кукушкин саналғанымен, аустралиялық теннисші басым түсті. Михаил үшін бұл есе қайтаратын сәт десек те болады. 

"Аустралиан Оупен" жарысына қатысқан Рыбакина/Диас жұбы Виктория Кужмова/Александра Саснович жұбына жеңіліп қалды да, жарыстан шықты. Қазақстан атынан қатысқан теннисшілердің барлығы да қазір өзге турнирлерде. Енді тек сенім артарымыз Бублик/Кукушкин жұбы болып тұр. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу