Кукушкин Murray River Open турнирін жеңіспен бастады

2019

Михаил Кукушкин жүлде қоры 320,775 мың АҚШ долларын құрайтын Мельбурнде өтіп жатқан теннис турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Кукушкин Murray River Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 90-ракеткасы Михаил Кукушкин Мельбурндағы Murray River Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Жалпы турнир жеңімпазына 250 рейтинг ұпайы және 19 500 доллар беріледі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 81-ракеткасы, аргентиналық Хуан Игнасио Лондеромен өткізді. Бірінші партияда Лондеро 6:4 есебімен басым түссе, екінші кезеңде Кукушкин есе қайтарды – 7:5. Үшінші, шешуші сетті қазақстандық теннисші қарқынды бастап, 3:0 есебімен қарсыласынан алға шықты. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-інші, осы доданың 1-ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринкамен күш сынасады. 

Ал Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан турнирлердің бірі - Gippsland Trophy жарысында жұптық өнер көрсету бойынша бірінші айналымында қарсыластарына есе жіберіп, келесі айналымға шыға алмады.

Қазақстандық дуэт екі сетте хорватиялық Дарья Юрак пен серб Нина Стояновичтен 4: 6, 2: 6 есебімен ұтылды. 1 сағат 6 минутқа созылған матч барысында Рыбакина мен Шведова 6 екі еселенген қателік жіберіп, бес рет допты ойынға қосу барысында қателік жасап, ұпай жоғалтты. Қазақстандық теннисші қыздар тек екі брейк-пойнтты ғана сәтті пайдаланды. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу