"Біз үшін жеңіл атлетиканы дамыту басым бағыт болып табылады және біз бұл үдеріске серпін беретін барлық бастамаларды қолдаймыз. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Азия қауымдастығымен және осы спорт түрін насихаттаумен айналысатын басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық үшін әрдайым ашық", - деді Тимур Құлыбаев әңгіме барысында.
Кездесу барысында өңірдегі жеңіл атлетиканың даму перспективалары, аймақтық жеңіл атлетика орталығының Нұр-Сұлтандағы құрылыс жобасы және 2024 жылы Қазақстанда жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігі талқыланды.
2022 жылы Қазақстанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додаға Азияның 45 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Аталған біріншілік 2024 жылғы әлем чемпионаты алдындағы бақылау жарысы болып саналады.
"Мен сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлері қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын байқаймын", - деді Дахлан Аль-Хамад өз кезегінде. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Азияның ғана емес, бүкіл әлемдегі спорттың дамуына көмектеседі. Жеңіл атлетикадағы мүмкіндіктерге келетін болсақ, мені Нұр-Сұлтандағы Qazaqstan кешені таң қалдырды. Бұл мен бұрын-соңды кездестірмеген ерекше жоба.
Азия жеңіл атлетика қауымдастығы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үмітті және сіздің елде Азия спортшыларына арналған аймақтық орталық салу жобасын толық қолдайды".
Аль-Хамад өзінің Қазақстанға сапары кезінде Нұр-Сұлтандағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешеніне барды. 2020 жылы бұл нысан World Athletics сертификатына ие болды.
Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Қазақстанға "ХХХ Қосанов мемориалы" халықаралық турнирінің ашылуына арнайы келді. Мерейтойлық турнир Дүниежүзілік жеңіл атлетикадан қола белгісі мәртебесімен өткен құрлықтық кезең аясында өткізіледі. Айта кетерлігі, Токио Олимпиада ойындарының лицензиялары осы жерде үлестіріледі.