Бұл туралы Kyodo басылымына Үкімет пен билеуші партия өкілдері айтып берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінде жаңадан әскердің жетіспеушілігіне байланысты, ЖИ-мен жасақталған адам тәрізді роботтарды қорғаныс саласына пайдалануды жоспарлап отыр.
Тіпті, алдағы уақытта барлау және құтқару операцияларына да роботтар жіберілуі ықтимал.
Жақында адам тәрізді роботтарды пайдалану бойынша зерттеулер басталады, байқау ұйымдастырылып, жеке компаниялар мен университеттер әзірлеген роботтар өз мүмкіндіктерін көрсетпек.
Ел үкіметі жыл соңында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы негізгі құжаттарды қайта қарауға бекінген. Бұл ретте ЖИ-ді кеңінен пайдалану елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың негізгі факторы ретінде қарастырылған.
2027 жылдың сәуірінде басталатын қаржы жылына арналған бюджеттік жобаға қарағанда, Жапония қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті Өзін-өзі қорғау күштерінің басқару жүйесіне енгізуді, сонымен қатар көлемді ғарыш деректерін талдау және зымырандарды бағыттауға көмектесетін "ЖИ-мен жабдықталған тактикалық жерсерікті" сынақтан өткізуді ойластыруда.