Нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында 25 метр қашықтықтан тапаншамен ату бойынша тарихи қола медальға қол жеткізді. Команда құрамында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков өнер көрсетті.
Оңтүстік Корея спортшылары 1711 ұпаймен алтын жүлдеге қол жеткізсе, Қытай 1700 ұпаймен күмісжүлдегер атанды. 1699 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы үздік үштікен табылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы 50 м винтовкадан үш позицияда атудан қола жүлде алған еді.
6-қараша күні Мысыр астанасында басталған Әлем чемпионаты 18-қарашаға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу