Қазақстан Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндік алды

541

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінің өтпелі ойындарына жолдама алды.

Қазақстан Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндік алды Фото: kff.kz

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Грекия мен Швеция құрамалары арасындағы матч аяқталды.

5-топтың соңғы турындағы кездесу Грекияда өтіп, алаң иелері фаворит саналған матчта шведтер 4:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, ойын барысында гректер 2:1 есебімен алда тұрған болатын.

Бұл нәтиже Грекия құрамасына іріктеуде 2-орын алған командалар арасындағы үздік 8 құраманың қатарына кіруге мүмкіндік бермеді.

Осылайша, біздің жігіттер Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 2-орын алған құрамалардың тізімінде үздік сегіздіктің қатарынан табылып, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Өтпелі матчтардың жеребесі 15 мамыр күні тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталады. Ал өтпелі ойындар биыл 15-24 қыркүйек күндері аралығында өтеді.

2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін 20 қаңтар мен 7 ақпан күндері Латвия және Литва елдері қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу