23 мамыр күні Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы "Қайрат" ФК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Жиын барысында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында 25 және 28 мамырда екі жолдастық ойын жоспарланған. Матчтар Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. Басталуы – 15:00-де.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу