Құрамамыз Венгрияға қарсы кездесу өткізеді

1350

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Венгриямен ойынға шақырту алған кеңейтілген құрамы белгілі болды.

Құрамамыз Венгрияға қарсы кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. 9-желтоқсан күні біздің ойыншылар өз алаңында Венгрия құрамасын қабылдайды. 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт кешеніде өтеді. Оқу-жаттығу жиыны ертең елорда спорт кешенінде басталады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Леонардо де Мело Виейра Лейте "Игита" ("Қайрат"), Александр Гуров ("Аят");

Алаңдағы ойыншыларДәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дуглас да Силва Негрейрос (барлығы - "Қайрат"), Азат Валиуллин ("Аят"), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де - "Жетісу"), Тайнан да Силва Рего ("Спортинг", Португалия), Виктор Клинов ("Бәйтерек"), Болат Сарбасов ("Атырау"), Ринат Төреғазин ("Ақтөбе").

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Нұрәлем Байдолла ("Жетісу");

Алаңдағы ойыншыларЖомарт Тоқаев, Жақсылық Амандосов (екеуі де - "Атырау"), Нұрсұлтан Пиялы ("Қайрат"), Тимур Балтабаев, Бекет Парух (екеуі де - "Жетісу"), Батырхан Имашев ("Нұр-Сұлтан"), Төрехан Досов ("Бәйтерек"). 

Жаттықтырушылар штабы: Пауло Рикардо Фигуэра Силва ("Кака́") – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі.

Екі ойыншы жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына келе алмайды. Олар "Ақтөбе" ойыншысы Қайрат Иманалин мен Ресейдің "Норильский никель" командасында ойнайтын  Леонардо Мендонка Да Роса "Лео".

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының топтық іріктеу кезеңінің ойындары 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір аралығында өтеді. Іріктеу тобының сегіз жеңімпазы мен екінші орын алған алты үздік команда Нидерланд елінде финалдық кезеңге жолдама алады. Соңғы жолдаманы 2021 жылдың қарашасында екінші орын иеленген қалған екі команда өзара сарапқа салады. Құрлық біріншілігі 2022 жылдың 9-қаңтары мен 6-ақпаны аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу