banner

Құрбан айт игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді – Елбасы

2447

Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрбан айт игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді – Елбасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз Елбасының ресми сайтында жарияланды:

"Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.

Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.

Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!"


Telegram каналымызға жазылыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу