Құрбан Бердыев: "Әзірге қызметтен кету ойымда жоқ"

1291

"Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев Премьер-лиганың 11-туры аясында "Астанаға" қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

Құрбан Бердыев: "Әзірге қызметтен кету ойымда жоқ"

"Астана Арена" стадионында өткен кездесу 6:0 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.

– Мұндай нәтижеден кейін не деуге болады? Ойыншылардың деңгейлерінің әртүрлі екенін және қарсыластың шеберлігі анық байқалып тұрды. Нақты бірдеңе деп айту қиын...

Жас жігіттер қорғаныста осал болғанымен, неге шабуылда ешқандай нәтиже шығара алмады? Канте қайтып оралды, Жоао Пауло ойнады ...

– Біріншіден, бұл Кантенің функционалды күйі. Екіншіден, шабуылға бағытталған барлық қарым-қатынастар жас ойыншылармен байланысты. Олар да допты жеткізуі тиіс. Бірақ қарапайым жағдайларда футболшыларымыз допты жоғалтып, қарсы шабуылға мүмкіндік берді.

Клубтың әлеуметтік желілерінде сіздің "Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетуіңізге қатысты пікірлер көп. Осы мәселеге байланысты Сіздің ойыңыз?

 Жоқ, менде әзірге қызметтен кету туралы ой жоқ.

– Бұл күйінде "Қайрат" "Астанамен" бәсекеге түсе ала ма?

 Өздеріңіз куә болғандай "Астана" алмастыру жасап, ойынды күшейтті. Олардың құрамындағы 18 адам да бір дәрежеде ойнайды. Ал біздің футболшыларды алмастырғанымыз матчты күшейтпеді. Жауапкершіліктен қашпаймын. Сіздер бәрін дұрыс түсінулеріңіз керек.

 Неліктен үзілісте қақпашы Устименконы алмастырдыңыз?

 Оның жарақаты бар.

 Неге Алықұловты тағы да негізгі құрамға шығармадыңыз?

– Данияр Үсенов екеуі әртүрлі позицияда ойнайды. Бірінші таймда 5-3-2 форматында ойнадық. Ал Үсенов шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Екінші кезеңде Алықұлов шыққанда 5-2-3 форматына көштік. Буранчиевті жартылай қорғаушы позициясына жылжыттық. Оның орнына Ткаченконы жібердік.

 Маусым алдында "Қайрат" чемпиондық үшін және еурокубоктардың топтық кезеңіне өту үшін күреседі деген болатын. Соңғы нәтижелерге байланысты бұл тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

 Біз әлі де күресеміз. Әрбір тәжірибелі ойыншы біз үшін алтынмен тең. Канте ұзақ уақыт бойы ойнай алмады. Алаңға енді ғана оралды. Алвеш командадағы көшбасшы ойыншы. Бірақ, ол да екі матчты өткізіп алды. Сондай-ақ Яцек болған жоқ. Жас ойыншыларымыз шамасы келгенше барын салып жатыр. Бірақ, мүмкіндіктері әртүрлі. Тәжірибелі ойыншылардың барлығы жиналса, Маки Баняк қайтып оралса, сол уақытта көреміз.

 Ойынға жоспарыңыз қандай болды?

 Апта бойы біз жұмыс жасадық. Бірақ, өкінішке орай шеберлік деңгейі басқаша болды.

 Ал киім ауыстыратын бөлмеде не болды? Яцек Гуральскийдің айқайы естілді.

– Жігіттер нәтижеге көңілдері толмайтынын айтты. Эмоциялары басым. Ауыр жеңіліс болды. Енді мен олармен сөйлесемін. Тәжірибелі жігіттер қарсыластың деңгейінің мүлдем басқаша екенін көрді. Олар жеңіліс емес, чемпиондық үшін күресуге дағдыланған.

 Ал, Гуральскийдің егер мүмкіндік болса, жазда клубтан кеткісі келетіні туралы сөзіне қалай қарайсыз?

 Растай алмаймын. Бірақ ұсыныстар түскенін айтқан болатынмын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу