Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері атанды

1545

Алматылық "Қайрат" Құрбан Бердыевтың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері атанды

68 жастағы маман алматылық клубтың тізгінін үшінші мәрте ұстағалы отыр. Бердыев бұған дейін 1991-93 және 1994-95 жылдар аралығында "Қайраттың" бас бапкері болған. Бердыев биыл "Қайраттың" бас бапкері атанған үшінші маман. Бұған дейін алматылық команданың Алексей Шпилевский жаттықтырды. Бірақ ол маусым басында германиялық командаға кетті. Кейін маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Алайда бұл маман Еуропа лигасындағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кетті. Содан соң бас бапкер қызметін уақытша Артем Гавриленко атқарып келді. 

Айта кетейік, Бердыев мамыр айынан бері "Қайратта" кеңесші ретінде жұмыс істеді. Маманмен келісім -шарт екі жылға ұзарту мүмкіндігін сақтай отырып, жыл соңына дейін жасалды.

Құрбан Бердыев келген соң "Қайраттың" спорт директоры Констанин Лежнев алматылық клубтың осы маусымдағы басты мақсаттарын атап өтті.

""Қайрат" дәстүрлі түрде алдына үш негізгі міндет қояды: Қазақстан чемпионы болу, Кубокты жеңіп алу және еуропалық жарыстардың топтық кезеңіне шығу. Клубтың барлық жаттықтырушылары келісім-шарттарда осы мақсаттарды жазған. Олардың арасында Құрбан Бекиұлы да бар. Бердиевтің ұсынысы бойынша жаттықтырушылар құрамына Дмитрий Кириченкодан басқа медициналық штабқа Эдуард Кондуков келді. Кириченко бас бапкердің көмекшісі болады, ал Эдуард Кондуков команданың медициналық штабына қосылады", - деді Констанин Лежнев

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу