"Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев "Карабахқа" қарсы болатын ойын туралы пікір білдірді.
- Бакуге қандай нәтиже үшін келдіңіз? Тең ойын көңіліңізден шыға ма?
- Біз тең нәтиже үшін келдік деп айтпас едім. "Карабахқа" да, бізге де жеңіс қажет.
- "Карабахтың" "Базель" мен "Омонияға" қарсы қалай ойнағанын ескерсек, "Қайрат" топ көшбасшысын қалай ұтуды жоспарлап отыр?
- Бұл жерде тактика мен стратегия туралы айту керек. Мен бұл құпияны баспасөз конференциясында ашқым келмейді.
- "Карабах" 15 матч бойы ұтылған жоқ. Бұл сандар сіздің ойыншыларға қалай әсер етеді?
- Көп жылдар бойы "Карабах" Әзірбайжан футболының көшбасшысы және тәжірибелі команда. Жыл сайын еуропалық жарыстарға қатысады. Матч қызықты болады.
- "Қайраттың" армениялық ойыншысы Камо Оганесянның Бакуге келмеуі туралы не айта аласыз?
- Бұл Камоның жеке шешімі.
- Вагнер Лав ертең ойнай ма?
- Ол Швейцарияда жарақат алды, 2-3 жаттығу өткізді. Ойнауы әбден мүмкін.
Айта кетейік, Н тобында "Қайрат" екі матчтан кейін бір ұпай жинап, төрт команданың ішінде үшінші орында тұр. "Карабах" та екі ойын өткізіп, төрт ұпаймен топта екінші сатыға жайғасты.
Ермұхамед Мәулен