Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Грек-рим күресінен 48 келіде бақ сынаған Ерасыл Мұсан қола медальға таласады. Ол турнирдің жартылай финалында әзербайжандық балуаннан 1:4 есебімен ұтылды.
Ерасылдың қарсыласы жұбаныш белдесулерінен соң анықталады.
Айта кетелік, Амман кілемінде грек-рим күресінен екі балуанымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.
Алпамыс Болатұлы (55 келі) мен Еркебұлан Анапия (80 келі) турнирдің ақтық сынында қарсыластарға жол берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу