Құрылтай мен Халық Кеңесін құруға байланысты Салық кодексіне түзетулер енгізіледі

131

"Парламент" атауы "Құрылтай" атауымен ауыстырылады.  

Құрылтай мен Халық Кеңесін құруға байланысты Салық кодексіне түзетулер енгізіледі Фото: gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты депутат Ерлан Стамбеков таныстырды.

"Заң жобасында бірнеше мәселелер көзделген. Біріншіден, құқықтық реттеудің мәнін өзгертпей, жекелеген нормалардың редакциясын техникалық тұрғыдан нақтылау және біріздендіруге бағытталған. Атап айтқанда, "шетелдік" терминін "шетелдік азамат" ұғымымен алмастыру, "тенге" сөзін "теңге" нұсқасына келтіру, сондай-ақ аумақ атауларын көрсету тәртібін астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылады. Екіншіден, салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру қарастырылған. Осыған байланысты "Парламент" атауы "Құрылтай" атауымен ауыстырылып, сондай-ақ жаңа "Қазақстан Халық Кеңесі" институты енгізіледі", – деді мәжілісмен.

Бұдан бөлек азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуі кезінде төленетін мемлекеттік бажды алып тастау ұсынылып отыр. Сондай-ақ, заң шығару техникасы тұрғысынан жекелеген нормалардың тұжырымдары нақтыланған. Мәселен, "заңнамалық актілер" деген сөздер "заңдар" деген сөзбен ауыстырылады. 

Ерлан Стамбеков ұсынылып отырған түзетулер құқықтық-техникалық сипатқа ие екенін атап өтті. 

"Олар салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді. Негізгі мақсат – Салық кодексін жаңартылған Конституция нормаларымен үйлестіру және мемлекеттік институттардың жаңа моделін құқықтық тұрғыдан бекіту болып табылады", – деп түсіндірді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу