Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

399

Партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне 5 айға жуық уақыт беріледі. 

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді Фото: Ақорда

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі", – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай "қайта құруға" жол ашады.

"Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу