Құрылтай сайлауында алғаш болып Сеулдегі қазақстандық студент дауыс берді

251

Қазақстан Республикасының азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауына бірінші болып Кореяда жүзеге асырды.

Құрылтай сайлауында алғаш болып Сеулдегі қазақстандық студент дауыс берді Фото: СІМ

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын", – деді Ажар Каримжанова.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі мен парызы.

"Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы өте маңызды", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу