Құрылтай сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды

290

Еуразиялық интеграция институты Exit poll нәтижелерін жариялады.

Құрылтай сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды Фото: akorda.kz

Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішева Exit poll сауалнамасының қалай жүргізілгенін айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау күні Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 200 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізген.

Оның ішінде 129 учаске қалада, 71 учаске ауылдық жерде орналасқан.

Сауалнамаға жалпы 30 мың сайлаушы қатысқан. Олар сайлау учаскесінен шыққан кезде арнайы дайындықтан өткен сұхбат алушылардың сұрақтарына бетпе-бет жауап берген.

Респонденттерге негізгі "Сіз қандай партияға дауыс бердіңіз?" деген сұрақ қойылған.

Сауалнама нәтижелерінің қателік шегі 1%-дан аспайды. Сауалнама қорытындысы сайлау күні бойы 7 рет есептеліп отырған:

  • "Әділет" – 71,8%
  • "Ауыл" – 6,4%
  • "Respublica" – 5,4%
  • ЖСДП – 5,2%
  • "Ақ жол" – 5,1%
  • Қазақстан Халық партиясы – 3%
  • "Байтақ" – 1%
  • "Бәріне қарсымын" – 2,1%
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу