Құрылтайда халыққа адал қызмет еткісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді – Мемлекет басшысы

Президенттің пікірінше, саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылған. 

Құрылтайда халыққа адал қызмет еткісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Әрі партиялар ұсынған тізімге тәжірибесі мол мамандық иелерімен қатар, саясатқа жаңадан келген азаматтар да еніп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың қатарында қабілетті жастар және Президенттің кадрлық резервінің мүшелері бар екенін еске салды. 

– Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс.

Осы орайда саяси партиялардың белсенділігін, олардың идеологиялық ұстанымдарын, кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді.

Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды.

Сайлаушылар да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ, олар әр мәселе бойынша өз пікірлерін ашық білдіріп отырды. Бұл үгіт-насихат кезінде болған ұлттық теледебаттардан, ақпарат алаңындағы ашық пікірталастардан анық байқалды.

Осылайша, қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік және пікір алуандығы құндылықтары орнығып жатыр, жаңа саяси мәдениет қалыптасуда, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу