Құрылыс компанияларына автотұрақтарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

Тұрақ орнының конструкциялық бөлігін және функционалдық мақсатын өзгертуге болмайды. 

Құрылыс компанияларына автотұрақтарды сатуға тыйым салынуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында түзетулерді мақұлдады. 

"Заң жобасы кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі қызметтегі ашықтықты қамтамасыз етуге, пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі қызметке қатысуға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару механизмін жақсартуға бағытталған", – деді Екатерина Смышляева. 

16 пәтерге дейінгі үйлер үшін басқарудың үшінші нысанын – тікелей бірлескен басқаруды қарастыру ұсынылады.  

Мұндай үйлерде "бір үй – бір есеп" қағидасы боцынша, бір басқарушы болады.

"Сонымен қатар құрылыс компаниялары тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, автотұрақтарды, қоймаларды жеке меншікке сатуға жол бермеу ұсынылады. Бұл ереже құрылыс салушыға үйді пайдалануға беру кезінде әлеуетті кондоминиум объектілерін және ортақ мүлікті жеке иеленуге мүмкіндік бермейді", – депутат Екатерина Смышляева. 

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар мынадай түзетулер енгізді:
- басқару нысаны өзгерген кезде кондоминиум объектісін басқару органының жинақталған ақшаны аудару міндетін белгілеу;
- паркингтің немесе тұрақ орнының конструкциялық бөлігін және функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салу;
- сервистік қызмет субъектілерін таңдау, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісін таңдау, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдау бөлігінде жиналыстың өкілеттіктерін үй кеңесіне беру;
- бюджеттік ұйымдар мен жылжымайтын мүлік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйдің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мүлік иелерінің бірлестігінен және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жай серіктестігінен сатып алу кезіндегі рәсімді оңайлату;
- үйге ортақ инженерлік жүйелерді әлсіз токты инженерлік жүйелермен толықтыру;
- кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға және борышкердің жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша күрделі жөндеуге арналған шығыстарға қатысудан жалтаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жасау;
- ауылда, кентте, ауылдық округте жұмыскерлерге тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау.

Бұдан басқа, депутаттар жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.

Жұмыс тобына депутаттар мен комитеттерден 184 ұсыныс келіп түсті, олар жұмыс тобының тоғыз отырысында, мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер мен сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу