Құрылыс пен ауыл шаруашылығы салалары өнімді жұмыс істеп жатыр

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
21136

Жалақы көбейгенмен, еңбек өнімділігі төмендеп келеді.

Құрылыс пен ауыл шаруашылығы салалары өнімді жұмыс істеп жатыр

"2018 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 1,3% өсіп 8695 мың адамды құрады. Бұл экономикалық белсенді халықтың 95%-ы", деп хабарлайды Ұлттық банк 2019 жылдың наурыз айында жұмыспен қамтылған халық саны 8756,3 мың адамды құрады.

Саудагерлер жұмыссыздықпен күресуде
Жұмыспен қамтылған халықтың саны көтерме және бөлшек саудада 5,9%, денсаулық сақтауда 2,1%, білім беруде 2,8% өсті. Сондай-ақ өнеркәсіптік сектордың тұрақты өсуі аясында өңдеу өнеркәсібінде 0,8% сондай-ақ көлік және қоймалауда 3,1% өсті. Ал тау-кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында жұмыспен қамтудың төмендегені байқалды.

Жалпы, жұмыспен қамтылған халықтың 15,9%-ы саудада, 14,1%-ы ауыл шаруашылығында, 12,6%-ы білім беру саласында.

Өңірлер бойынша жұмыспен қамту көрсеткішінде Маңғыстау облысы көшбасшы. Бір жылда бұл облыстағы жұмыспен қамтылған халық санының өсімі 10,2% болса, екінші орынға орналасқан Алматыдағы көрсеткіш 2,5%, ал Астанада 2,0%.

"2019 жылдың наурызында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 143,5 мың адамды құрады", – деп жазады бас банк.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте жалақы азайды
Статистика комитетінің мәліметінше, халықтың жан басына шаққандағы нақты ақшалай табысы 2019 жылдың ақпан айында 8,5%-ға, қаңтар-ақпан айларында 9,4%-ға ұлғайған.

Салалар бойынша 2018 жылғы 4-тоқсанда әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында жалақы көлемі 16,4%, қаржы және сақтандыру ісінде 9,6%, ауыл шаруашылығында 8,2%, тау-кен өндірісінде 2,4%, өңдеу өндірісінде 6% өскен.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде 2,8%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда 1,6% және құрылыста 0,9% төмендеу байқалды.

2018 жылғы 4-тоқсанда өңірлер бөлігінде номиналдық жалақының ең жоғарғы мәні Атырау облысында (320,5 мың теңге), ең төменгі мәні – Түркістан облысында (109,7 мың теңге) тіркелді.

"2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша экономикадағы еңбек өнімділігі 2,9%-ға өсті. Салалар бөлігінде ең көп өсім құрылыста (9,9%- ға), ауыл шаруашылығында (7,9%-ға), өнеркәсіпте (3,5%-ға өсті), көлікте (2%-ға) және қаржы және сақтандыру саласында (3,3%-ға) байқалды", – деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу