Құрылыс пен сауда экономиканың драйвері

4236

Экономиканың негізгі салалары жартыжылдықты "плюспен" жауып отыр.

Құрылыс пен сауда экономиканың драйвері

Қысқамерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-маусымда 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,3% өсті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5253,3 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 11,7% артық.

"2019 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 трлн 292,3 млрд теңге болды. Бұл 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,6%-ға артық. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 2,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,4% артты", – деп хабарлайды ведомство.

Жыл басынан бергі алты айда құрылыс жұмыстары мен қызметінің көлемі 11,1%-ға көбейіп 1 трлн 433,9 млрд теңге болды.

Екінші орындағы сауда саласында өсім 7,5% болды. Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 4 трлн 944,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 5,4% өсім көрсетті. Ал көтерме сауда көлемі 8% ұлғайып 10 трлн 689,1 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 37261 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,3%-ға көбейді, соның ішінде экспорт – 23567,3 млн АҚШ долларын (0,5% көп), импорт – 13693,7 млн АҚШ долларын құрады (8,3% көп).

Көлік саласы да алты айда 5,3% ұлғайғаны байқалады. Оның ішінде жүк айналымының көлемі 1,5% өсіп, 286,2 млрд теңге болса, жолаушылар айналымының көлемі 4,5%-ға артып, 141,1 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар  ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімі мен қызметінің көлемі 3,8% ұлғайып 1124 млрд теңгеге жетті.

Өз кезегінеде байланыс саласы бойынша нақты көлем индексі 101,7% құрады.

 Жалпы, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 437 654 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар заңды тұлғалар саны – 428 821. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 294 839 болса, оның ішінде 286 423-і шағын кәсіпорындар.

Тұтыну бағасының индексі де 2019 жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,6% өсті. Соның ішінде азық-түлік бағасы 5,9%, азық-түлік емес тауарлар 2,2%-ға қымбаттады. Ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 0,9% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4% жоғарылады.

Сонымен қатар  2019 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 97 924 теңгені құрады, яғни былтырғыдан 8,1% өсіп отыр. Ал нақты ақшалай табыс 2,7% көбейген. Ал бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 177 963 теңгені құрады.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу