"Құжат 100 пайыз дайын": Зеленскийдің көңілі толып отыр

Ол Украина, Ресей және АҚШ делегациялары арасындағы үшжақты келіссөздердің нәтижесіне қатысты пікірін айтты.

"Құжат 100 пайыз дайын": Зеленскийдің көңілі толып отыр Фото: Getty Images

Владимир Зеленскийдің сөзінше, қазіргі уақытта қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты даулы мәселелер айтарлықтай азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Литва президенті Гитанас Науседа және Кароль Навроцкиймен бірге Вильнюсте өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Зеленский БАӘ-де соғысты аяқтау жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспар мен "даулы мәселелер" талқыланғанын айтты. 

– Даулы мәселелер өте көп болды. Қазір олардың саны азайды. Ресей ұзақ уақыттан бері еліміздің шығыс бөлігінде Украинаның болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді, – деді Украина президенті. 

Сондай-ақ, ол Мәскеудің Донбасс аумағының толықтай өзіне тиесілі екені жөніндегі талаптарын меңзеді, оның арасында Ресей әскерлері басып алмаған өңірлер де бар.

Зеленский Украинаның аумақтық мәселеге қатысты ұстанымы өзгермегенін тағы да нақтылады. 

– Біздің позициямыз бәріне белгілі. Біз өз еліміз, өз жеріміз үшін соғысып жатырмыз, – деді ол.

Украина АҚШ пен Еуропадан қауіпсіздік кепілдіктерін күтіп отыр. Украина президентінің сөзінше, бұл кепілдіктер соғыстың аяқталу мерзімін нақтылауға мүмкіндік береді. 

– Біз үшін қауіпсіздік кепілдіктері ең алдымен – Америка Құрама Штаттарымен екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері. Құжат 100% дайын. Біз серіктестерден оны қашан және қай жерде қол қоятынымызға қатысты нақты дайындықты күтіп отырмыз, – деді Украина президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу