Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының депозиттерін тексеру керек - Юрий Ли

Депутат екінші деңгейлі банктердің квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржысын басқарудағы әлеуметтік-экономикалық салдарларына аудит және талдау жүргізіп, несие нарығына әсерін анықтау қажет деп есептейді.  

Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының депозиттерін тексеру керек - Юрий Ли Фото: yandex.kz

Мәжіліс депутаты Юрий Лидің айтуынша, қаржылық резервтер, бос ақша ағындары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепшоттарындағы қалдықтар екінші деңгейлі банктерде сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы банктерде қомақты сома сақталады және біз оны "халық ақшасы" деп сенімді түрде айта аламыз. Мемлекет ел экономикасындағы өзінің басым рөліне ие бола отырып, банк секторының негізгі несие берушісі және клиенті болып қала береді. Бұл бесенеден белгілі. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің банктік депозиттерін сол банктердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына айырбастау тәжірибесі де бар. Қазақстан қор биржасында да "халықтың ақшасы" айналымда жүр", – дейді депутат. 

Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" қорының қаржылық есептілігіне сәйкес, 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша қордың банк депозиттерінде 907,5 млрд теңгеге жуық қаржысы сақталған. Бұл 2021 жылдың 30 желтоқсанындағы қалдықтан 213 млрд теңгеге немесе 24%-ға көп. Бұл шоттардағы қалдықтар мен бұрын сатып алынған мемлекеттік бағалы қағаздарды есептемегенде жинақталған сома. 

"Депозиттер арқылы екінші деңгейлі банктер республикалық бюджет тапшылығының жыл сайынғы өсуіне алып келетіндей, ал квазимемлекеттік сектор өтімділігінің ел экономикасына оң әсері жоқ. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторын несиелеу бойынша", – деді Юрий Ли.

Мұндай тағы бір тетік – шетелдік кредиторлар. Мәселен, биылғы жылдың 25 қарашасында еліміздің оңтүстік-шығысында жел электр стансасының құрылысы жүріп жатқаны белгілі болды, осыған орай "Самұрық-Қазына" қоры мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 1,4 млрд АҚШ долларын немесе 659 млрд теңгені қарызға алады. 

"Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз жоғары есеп палатасына нарықтық конъюнктураға және ұлттық мүдделерге сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен квазимемлекеттік сектор арасында жасалған барлық қолданыстағы депозиттік шарттар мен банктік қызмет көрсету шарттарының тиімділігі мен сәйкестігіне аудит жүргізу қажет деп санаймыз. Оның ішінде банктік шоттардан ақша алуға нарықтық емес шектеулер бойынша, соңғы үш жылдағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейлі банктер мемлекеттік емес бағалы қағаздарына айырбастау бойынша барлық операцияларды да тексеру керек", – деді депутат. 

Сондай-ақ мәжілісменнің айтуынша, екінші деңгейлі банктердің квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржысын басқаруының әлеуметтік-экономикалық салдарларына аудит және талдау жүргізіп, оның несие нарығына әсерін анықтау қажет.

"Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоқтығын да тексетуі керек", – деді халық қалаулысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу