Қыдырғали Оңғарбаев грузиялық "Халкпен" қол күрестіретін болды

6381

Украина астанасы Киев қаласында қол күрестен ТОП-8 сайысының екінші кезеңіне жеребе тарту рәсімі болып өтті.

Қыдырғали Оңғарбаев грузиялық "Халкпен" қол күрестіретін болды

Соқыр жеребенің қорытындысында армрестлинг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев жаһанның кіл мықты қол күресшілері бақ сынап жатқан ТОП-8 сайысының екінші кезеңінде "Халк" лақап атымен есімі алты құрлыққа әйгілі болған грузиялық Леван Сагинашвилимен күш сынасатын болды.

Айта кету қажет, Оңғарбаевтың  бұл жолғы қарсыласының салмағы  170 келі тартады. Әлемнің 7 дүркін чемпионы әлемнің ең мықты қол күресшісі болып саналады.

Армрестлинг спортынан жаһандағы кіл жүйріктен ең жүйрікті анықтайтын ТОП-8 сайысының екінші кезеңі Гонконг қаласында өтеді деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Қыдырғали  Малайзияның  Кучинг қаласында өткен ТОП-8 сайысының  бірінші кезеңінде өзінен 50 келі ауыр Польша елінің спортшысы Алекс Курдечаны 5-1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Жыл соңына дейін алдағы екі кезеңнен сүрінбей өтсе, әлемнің ең мықты қол күресшісі атағына қол жеткізеді.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу