Александр Недовесов бразилиялық Орландо Лузбен жұптасып жартылай финалда Фернандо Гонсалес (Чили) / Стив Джонсон дуэтін 6-4, 6-4 есебімен ұтты. 1 сағат 3 минутқа созылған матч кезінде Александр мен Орландо алты брейк-пойнттың үшеуін орындады және допты ойынға қосу барысында екі рет қосарланған қателік жіберді. Осылайша, қазақстандық теннисші бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де жұптық жарыста өзінің мансабындағы 22-ші және биылғы маусымдағы жетінші жеңіскіне жетуге тырысады. Шешуші ойында қазақстандық-бразилиялық дуэтке украиналықтар Денис Молчанов / Сергей Стаховский қарсылас болады.
Тимофей Скатов ширек финалдық жекпе-жекте португалиялық Нуно Боргешті 6-7 (5: 7), 6-4, 6-4 есебімен ұтты. 3 сағаттан астам уақытқа созылған матчта Скатов 14 брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындап, үш рет қос қателік жасады. Челленджер сериясындағы турнирдің финалына шығу үшін бүгін Тимофей италиялық Франко Агаменонені жеңуі керек. Кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко финалдық матчын аяқтай алмады. Ол бірінші сетте түркиялық Эрчи Киркиннен 4: 6 есебімен ұтылды. Екінші сеттің басында жарақатына байланысты Дмитрий жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.
Ермұхамед Мәулен