Қымбат билет алғандар өкініп жатыр

4171

"Манчестер Юнайтед" командасы "Астанаға" қарсы матчқа екінші құрамын алып келді. 

Қымбат билет алғандар өкініп жатыр

Билетке таласып, алып-сатарлардың қалтасын қампайтқан қазақ жанкүйерлері қазір бармақ шайнап отырған сыңайлы. Себебі, "Манчестер Юнайтед" командасы Нұр-Сұлтан қаласына кілең жас футболшыларды алып келді. "Астанаға" қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін футболшылардың құрамы мынандай:

Қақпашылар: Ли Грант, Матей Ковар;

Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;

Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;

Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д'Мани Бугейл-Меллор.

Бұл команданың құрамынан көзі қарақты жанкүйер тек үш ойыншыны ғана тануы мүмкін. Ол ең алдымен тәжірибиелі қорғаушы Люк Шоу. Ал жартылай қорғаныста Англия құрамасының ойыншысы Джесси Лингард бар. Шабуыл өтіндегі Мэйсон Гринвуд "Олд Трафордтағы" ойында "Астана" қақпасына гол салуымен есте қалды. Жас шабуылшы осы жақында ғана Ағылшын премьер-лигасындағы алғашқы голын салды. 

120 мың теңгеге билет сатып алған жанкүйерлерді түсінуге болады. Олар Маркус Рэшфорд, Давид ДеХеа,Хуан Мата, Антони Марсиаль секілді сайыпқырандарды көргісі келіп еді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу