Қырғыз ағайындар көк бөріден Қазақстанды жеңіп, чемпион атанды

2403

Қазақстан 4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберді.

Қырғыз ағайындар көк бөріден Қазақстанды жеңіп, чемпион атанды Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Астанада өтіп жатқан V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көк бөріден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұған дейін жартылай финалда Қазақстан құрамасы Түркия командасымен ойнап, 15:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Осыған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді.

Көк бөрі – қырғыз халқының ұлттық ат спорты. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу