Қырғыз балуаны белдесу аяқталуға 20 секунд қалғанда жеңісті жұлып алды

3842

Қырғыздың даңқты балуаны Айсұлу Тыныбекова Париж Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғыз балуаны белдесу аяқталуға 20 секунд қалғанда жеңісті жұлып алды Фото: United World Wrestling

Шешуші сында ол аса табандылығымен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Үшінші орын үшін белдесуде Айсұлу Моңғолия спортшысымен күш сынасқан еді. Белдесудің алғашқы үш минутында моңғол спортшысы 6 ұпай еншіледі.

Бұл басымдық кездесу аяқталуға 1 минут қалғанша сақталды. Дегенмен, қырғыз балуаны алдымен 2 ұпай еншілеп, соңғы 20 секундта 4 ұпайлық әдісті іске асырды.

Осылайша, Қырғызстан спортшының даңқты өкілі Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Спортшы Париж Олимпиадасында Қырғызстан құрамасының қоржынына 5-ші жүлдені салып отыр.

Айсұлу Тыныбекова – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы. Азия біріншілігінің 6 мәрте чемпионы. Азия Ойындарында топ жарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу