Қырғыз парламенті өзін-өзі таратты

443

Бүгін қаулы жобасы қабылданды.  

Қырғыз парламенті өзін-өзі таратты Фото: kaktus.media

25 қыркүйек күні Қырғызстандағы Жогорку Кенеш отырысында депутаттар өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы қаулы жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан парламентінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 89 депутаттың 84-і Жогорку Кенештің VII шақырылымының өздігінен таратылуын қолдады. Ешкім қарсы дауыс бермеген.

Депутат Улан Примов бұл бастаманың себептерін атады. Оның сөзінше, алда екі ауқымды сайлау науқаны күтіп тұр. Қырғызстанда 2026 жылдың қараша айында парламенттік сайлау, ал 2027 жылдың қаңтарында президенттік сайлау өтуі тиіс.

Көрші елдің Конституциясына сәйкес, парламенттің өзін-өзі тарату туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Парламент таратылған сәттен бастап 40 күннен 65 күнге дейінгі мерзімде мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу