Қырғыздар мен Қытай азаматтары не үшін қақтығысты

2623

Нарын облысында қытайлық жұмысшылар мен жергілікті ауыл тұрғындар арасында қақтығыс орын алды.

Қырғыздар мен Қытай азаматтары не үшін қақтығысты

Кешелі бері Қырғызстанның Нарын облысында қытайлық Zhong Ji Mining компаниясының жұмысшылары мен жергілікті ауыл тұрғындары арасында туындаған қақтығыстың видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Белгілі болғандай, қақтығыс 5 тамыз күні орын алған.

Қырғызстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар мен қытай компаниясының жұмысшылары арасындағы қақтығыс бақылауға алынған. Оқиға орнында ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиев пен оның орынбасарлары барған.

 

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары жергілікті тұрғындар мен қытайлықтар арасында мұндай қақтығыстарды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

Sputnik-Қазақстанның жазуынша, 5 тамызда бір топ ауыл тұрғыны қытайлық Zhong Ji Mining компаниясының ғимаратына бет алған. Екі жақтың арасындағы жанжал салдарынан төбелес басталып, бір-біріне тас лақтырған.

"Қақтығысқа жергілікті тұрғындардың компания жүргізіп жатқан жарылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етуі себеп болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, жарылыстан тауда жайылып жүрген мал қырылып қалған. Қақтығыс салдарынан шамамен 10 адам жарақат алған. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді", – деп жазды Sputnik-Қазақстан. 

Кейін жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде шынымен де заң бұзушылықтарға жол берілгені белгілі болған. Компания басшылығы ауыл тұрғындарына келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу