Қырғызстанның экс-президенті мемлекеттік наградаларынан айырылды

248

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Қырғызстанның экс-президенті мемлекеттік наградаларынан айырылды Фото: politik.uz

Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Тиісті шешім 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Первой аудандық соты шығарған үкімді орындау үшін қабылданған. Бұдан бөлек "Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мемлекеттік сыйлықтары туралы" заңына және Қырғыз Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес белгіленген.

Жарлыққа сәйкес, Атамбаев ең жоғары дәрежелі айрықша атақ – "Кыргыз Республикасынын Баатыры", II дәрежелі "Манас" ордені, "Данакер" ордені, "Данк" медалі сияқты мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Бұдан бөлек бұрынғы президентті марапаттау туралы бұрын шығарылған жарлықтардың күші жойылды. Олардың қатарында 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған құжаттар бар.

Қырғызстан Бас прокуратурасы жанындағы сот орындаушылары марапаттарды мемлекеттік наградалар қорына тапсыру тиіс. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарды.

Айта кету керек, бұған дейін Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров енді елде төңкеріс болмайтынын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу