Қысқы Азия ойындарына кіл мықтыдан кім барады

588

Қазақстан спортшылары сноуборд жарыстарына қатыспайды. 

Қысқы Азия ойындарына кіл мықтыдан кім барады Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азияда ойындарына ел спортшыларының үш құрамы да тіркелген. Бірақ, байрақты бәсекеге кім қатысатынын бапкерлер анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушылармен аталған байрақты бәсекеге Қазақстанның спорт делегациясының қатысуын ұйымдастыру мәселелері бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Еліміздің спортшылары 9-Қысқы Азия ойындары бағдарламасына кірген спорттың 11 түрінің 10-ына қатысуды жоспарлап отыр.

Олар мыналар:

1. Конькимен жүгіру спорты;

2. Шорт-трек;

3. Мәнерлеп сырғанау;

4. Хоккей;

5. Керлинг;

6. Тау шаңғысы спорты;

7. Шаңғы жарысы;

8. Фристайл (тек акробатика);

9. Биатлон;

10. Ски-альпинизм (шаңғы альпинизмі, спорттың жаңа түрі).

– Бүгінде Харбин – 2025 Азия ойындарының аккредиттеу жүйесіне 450-ден астам адам тіркелді. Тіркелген тұлғалардың басым бөлігін спортшылар құрайды. Өйткені, алдын ала өтінім спортшылардың үш құрамымен берілген. Ал ойындар жақындағанда бапкерлерге қатысушылардың тіркелген тізімінен Қазақстан атынан Қытайда кім өнер көрсететіндігін анықтауға тура келеді, – деді Ұлттық Олимпиада комитетінен.

Жарыстар бір-бірінен 260 шақырым қашықтықта орналасқан екі түрлі кластерде, атап айтқанда мұз үстіндегі спорт түрлері Харбинде, ал шаңғы спорты түрлері Ябулиде өтеді.

Алғашқы жарыстар ойындардың ресми ашылу салтанаты болмай тұрып бастап кетеді. Өйткені, кейбір жарыс түрлеріне ойындарға бөлінгеннен ұзағырақ уақыт қажет.

– Осыған байланысты спортшылар түрлі қалада болады. Барлығына арналған бірыңғай қалашық болмайды. Делегацияның барлық мүшесі ойынды ұйымдастыру комитеті белгілеген мамандандырылған, аккредиттелген қонақ үйлерге орналастырылады, – деді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу