Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

289

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды Фото: Сали Сабиров

Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.

Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен  франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу