Қысқы Олимпиада ойындары: 9 ақпанда қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті?

322

Спортшыларымыз әзірге медальға қол жеткізе алған жоқ. 

Қысқы Олимпиада ойындары: 9 ақпанда қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті? Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Милан-Кортинада өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 9 ақпан күні бірқатар маңызды жарыстар өтті. Қазақстан спортшылары конькимен жүгіруде және шаңғымен тұғырдан секіруде бақ сынады.

Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1000 метр қашықтықтағы жарыс аяқталды. Бұл сайыста ел намысын үш спортшы қорғады. Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтиже Надежда Морозоваға тиесілі. Ол мәреге 1 минут 16 секундта жетіп, жалпы есепте 14-орынға орналасты. Елизавета Голубева 1:16.40 уақыт көрсетіп, 19-орынды иеленсе, Кристина Силаева 1:17.57 нәтижемен 28-сатыға тұрақтады.

Сондай-ақ шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жарыстар да өтті. Іріктеу кезеңінде финалға жолдама алу үшін спортшылар өзара бақ сынады. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл кезеңнен аса алмады. Данил Васильев 34-орынға ие болса, Илья Мизерных жарысты 39-орынмен аяқтады. Нәтижесінде, қазақстандық спортшылар финалдық кезеңге өте алмады.

Олимпиада ойындары алдағы күндері де жалғасып, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер сыйламақ. Қазақстан құрамасы өзге жарыстарда табысты нәтиже көрсетуге үмітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу