7 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы медальдар сарапқа салынады.
Бұл күні жарыс бағдарламасына шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру, тау шаңғысы спорты және трамплиннен секіру бойынша финалдық сайыстар енгізілген.
Бүгін қазақстандық спортшылар да Олимпиада жолына шығады. Сағат 17:00-де әйелдер арасындағы шаңғыдан скиатлон жарысында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко өнер көрсетеді. Аталған сайыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал сағат 20:00-де әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықтағы жарыс өтеді. Бұл бағдарламада Қазақстан атынан Надежда Морозова мен Елизавета Голубева бақ сынайды. Жарысты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.