Дегенмен алғашқы медальдар ресми ашылу салтанатына екі күн қалғанда – 4 ақпанда кёрлингтен сарапқа салына бастады.
Ерлер турниріне Канада, Қытай, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Швеция, Швейцария және АҚШ құрамалары қатысып, ал әйелдер арасында Канада, Қытай, Дания, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Корея Республикасы, Швеция, Швейцария және АҚШ командалары жүлдеге таласады.
Аралас жұптар сайысында Канада, Чехия, Эстония, Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Корея Республикасы, Швеция, Швейцария және АҚШ құрамалары бақ сынайды.
Жарыстар Кортина-д’Ампеццодағы Олимпиадалық кёрлинг аренасында өтеді. Ерлер, әйелдер және аралас жұптар турнирінде әрқайсысында үш медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ерлер арасында басты фаворит – 2022 жылғы Олимпиада чемпионы Швеция құрамасы, ал әйелдерде негізгі үміткер – соңғы екі әлем чемпионатын жеңген Канада командасы.
Қазақстан уақытымен кёрлинг жарыстары 23:05-те басталады. Аралас жұптар арасындағы іріктеу матчтарында Канада-Чехия, Швеция-Оңтүстік Корея, Эстония-Швейцария, Ұлыбритания-Норвегия құрамалары өзара сынға түседі.
Ресми ашылу салтанаты 6 ақпанда сағат 23:50-де өтеді. Қазақстандық спортшылар жарыс жолына 7 ақпанда шығады.