Ирандағы соғысқа байланысты кей спортшылар Италиядағы қысқы Паралимпиадаға уақытында жете алмауы мүмкін

501

Халықаралық паралимпиадалық комитет (IPC) спортшылардың қауіпсіздігі ең маңызды екенін атап өтті.

Ирандағы соғысқа байланысты кей спортшылар Италиядағы қысқы Паралимпиадаға уақытында жете алмауы мүмкін Фото: sputnik.by

2026 жылғы қысқы Паралимпиадаға кейбір спортшылар уақытында жете алмауы мүмкін. Бұл туралы IPC мәлімдеді.

Сенбі күні Израиль мен АҚШ әскері Иранға қарсы әскери операция бастағанын хабарлады. Осыған байланысты Таяу Шығыстағы бірқатар ел әуе кеңістігін уақытша жапты.

Ойындар 6-15 наурыз аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. IPC өкілдері жағдайды мұқият бақылап отырғанын, барлық делегациялармен байланыс орнатылғанын айтты.

Көптеген командалар қазір Еуропада дайындық үстінде, бірақ әуе кеңістігінің жабылуы кейбір командалардың Италияға ұшуына кедергі келтіріп отыр.

IPC мәлімдемесінде: "Бұл жағдай тек ұлттық паралимпиадалық комитеттерге ғана емес, ұйымның барлық мүшелеріне әсер етуде. Біз ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз және зардап шеккендерге қолдау көрсетеміз"

Комитет нақты қай елдердің қиындыққа тап болғанын жариялаған жоқ, бірақ ұйымдастырушылармен бірге мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу