Қазақстандықтар 2 мың метрлік қашықтықта аралас сында аса тартысты бәсекеде үздік үштікке ілікті.
Аталған жарыста ел намысын Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай қорғады.
Қазақстандықтар 2:44.815 уақытпен мәре сызығын үшінші болып қиды. Оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қытайлықтар күміс жүлдеге ие болды.
– Бәсеке өте жоғары болды. Команда бәріне әзір еді. Бірінші орынға да таласуға болар еді. Тактикалық, бәлкім, дене дайындығы жағынан сәл жетпей қалды, – деді жарыстан кейін Алина Әжіғалиева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу