Қыздар арасындағы фристайл-могулдың финалдық бәсекесіне қос қазақстандық спортшымыз шығып бақ сынасты.
Анастасия Городко Универсиада ойындарында ел қоржынына екінші алтынды сыйласа, Аяулым Әмренова күміс жүлдегер атанып, Қазақстанның тағы бір жүлдеге қол жеткізуіне үлес қосты.
Сонымен қатар, Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазір Қазақстанның еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу