Қытай 4 мемлекетке шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады

Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь мәлімдеген. 

Қытай 4 мемлекетке шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады Фото: ria.ru

Аталған көмек жергілікті тұрғындардың ауыр тұрмыс жағдайын жеңілдетуге бағытталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Қытай Иран, Иордания, Ливан және Ирак елдеріне жедел гуманитарлық көмек көрсетпек. 

– Жалғасып жатқан қақтығыс Иран және өңірдегі басқа елдердің халқы үшін ауыр гуманитарлық апаттарға әкелді. Қытай тиісті елдердің халықтарына жанашырлық білдіріп, моральдық қолдау көрсетеді, – деді дипломат баспасөз брифингтерінің бірінде. 

Сонымен қатар, Қытай билігі алдағы уақытта да бейбітшілік орнатып, атысты тоқтату үшін қолдан келгенше іс-әрекет ететінін хабарлады. Өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру және гуманитарлық дағдарыстың ушығуына жол бермеуді көрші ел барынша қолға алмақ.

Осыған дейін ЮНЕСКО Иран, Ливан және Израиль аумағындағы мәдени-тарихи нысандарға келтірілген залалды бағалап көрді. АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары салдарынан кемінде 4 мәдени-тарихи нысанның зақымданғаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу