Қытай елшілігі қатесін түзеді

3651

Пневмония коронавирустан қауіпті деген ақпарат жалған.  

Қытай елшілігі қатесін түзеді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты таратқан теріс ақпаратына түзету енгізгенін мәлімдеді. 

"Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мырзамен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгеріс енгізді", – деді Ержан Ашықбаев.

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Осының ізінше еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсініктеме берді.

"Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді",  – деп хабарлаған болатын ҚР денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі. 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу