Түрлі-түсті шамдар көрмесін тамашалаған жұртшылық екі елдің байланысы туралы көптеген мәліметке қанық болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь мен Қазақстанның ресми өкілдері қатысты.
Негізінен Қытай Жаңа жылы шығыс күнтізбесінің бірінші айы аяқталғанша тойланады. Мерекеге орай алуан түрлі шамдарды жағу отбасы берекесі мен жақсылықтың белгісі саналады. Осы орайда, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь мемлекеттік тілде тұрғындарға құттықтау хатын жолдады.
– Қытай мен Қазақстанды таулары мен өзендері байланыстырады, халықтары бір-біріне жақын. Соңғы жылдары екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы серпінді дамуға қол жеткізіп, мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа "Алтын отыз жылын" сәтті бастады. Екі ел саяси өзара сенімді нығайтуды жалғастырып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге маңызды үлес қосып жатыр, – деді ол.
Шынында, өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың "Көктем мерекесі" ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді. Бұл мереке Қытай халқының бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарына ұмтылуын білдірсе керек. Аталған құндылықтар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне өте ұқсас. Мысалы, Қытай шығыс күнтізбесінде жылан жылы болса, Қазақстанда да осы жылан жыл белгісі саналады. Яғни, Қытай мәдениетінде жылан – руханилықтың, даналықтың және өміршеңдіктің символы. Сол секілді алуан-түсті шамдар да қытай халқының отбасы мен өмірге деген ізгі тілектерінің символы іспеттес.
Хань Чуньлинь өз сөзінде екі елдің өркениеті арасындағы жарқын көрініспен мәдениеттің ұқсастығына тоқталып өтті.
– Мәдениет алмасу арқылы жарқырайды, ал өркениет өзара үйрену арқылы байи түседі. Жібек жолындағы өркениеттер алмасуынан бастап, бүгінгі "Белдеу мен жол" бастамасын бірлесіп құруға және Қытай-Қазақстан ортақ тағдырлас бар қоғамдастығын құруға дейін, екі елдің таулары мен өзендері жалғасқан, бір-біріне жақын, өзара тығыз байланыстағы тату көршілер, сенімді дос және жақсы серіктестерге болып қала бермек. Біз бүгін жағып отырған әрбір шам екі өркениет арасындағы мыңжылдық диалогтың тарихын баяндайды. Чанъань қаласының түнгі шамдары бір кездері көне Жібек жолы бойындағы түйе керуендерінің сапарын нұрландырса, қазақ даласындағы алау оттары саяхатшы көпестердің суық түндерін жылытқан. Дәстүрлі қытай шамдары тек жарық өнері ғана емес, сонымен қатар қытай мен қазақ өркениеттері арасындағы өзара ықпалдастықтың жарқын көрінісі, – деп сөзін жалғады Қытай елшісі.
Жаңа жылда Қытай тарапы Қазақстанмен бірге дәстүрді жалғастыру шамын жағып, екі ел басшыларының дипломатиясын стратегиялық басшылығымен ғасырлар бойғы Қытай-Қазақстан Жібек жолы достығын жаңа өміршеңдікпен жалғастыруға дайын екенін көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстанмен бірге достық шамын жағып, халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын достықтың жаңа парағын ашқысы келеді.
– Үміт шамын жағып, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік және жаһандық бейбітшілік пен дамуға, адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасы қалыптастыруға үлес қосуға ниеттіміз.
Қытай-Қазақстан достығы жаңа дәуірде гүлдене берсін , Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы ағып жатқан өзендей мәңгілік болып, түрлі-түсті шамдар әр адамның арманына жету жолын нұрландырсын! – деп сөзін қорытындылады Хань Чуньлинь.
Одан кейін Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Жоғары Мәртебелі Хань Чуньлиньге және Қытай Елшілігі өкілдеріне еліміздің атынан алғыс айтылды.
– Қазақстан мен Қытай көптеген жылдар бойы берік және өзара тиімді әріптестік қатынастарды байланыстырып келеді, ал Астана Қазақстанның елордасы ретінде осы ынтымақтастықта шешуші рөл атқарады. Біздің елдеріміз "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында белсенді жұмыс істеуде, ол қазірдің өзінде нақты нәтижелер әкеліп, елдеріміздің бірлесіп дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Сондай-ақ, Астана мен Қытайдың Пекин, Үрімші сияқты қалалар арасындағы бауырлас байланыстардың маңыздылығы зор. Бұл серіктестік достықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ел арасындағы өзара түсіністікті кеңейтуге де ықпал етеді, – деді іс-шараға қатысқан Қазақстанның ресми өкілі.
2024 жыл Қытайда Қазақстанның Туризм жылы болса, 2025 жыл елімізде "Қытайдың туризм жылы" ретінде жарияланған. Астана қаласында өткізілген "Көктемнің көңілді мейрамы" көрмесі – Қытай мәдениетінің байлығын және тереңдігін жарқын түрде бейнелейтін бірегей іс-шара.
Қытай Жаңа жылы шығыс күнтізбесінің бірінші айы аяқталғанша тойланатыны белгілі. Мерекеде көшелер көрікті кейіпке еніп, түрлі-түсті шамдар жағылады. Ән шырқалады, мың бұрала би биленеді, ел-жұрт бір-біріне ақжарма тілегін білдіреді.