Қытай ескі көліктерін Ресейге сатады

28031

Қытайдың Гуандун провинциясы пайдаланылған автокөліктерді экспорттай бастады.

Қытай ескі көліктерін Ресейге сатады

Импорттаушы елдердің қатарында Ресей, Камбоджа, Нигерия және Мьянма елдері бар. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Қытайдың сауда министрлігінің айтуынша, биыл бұл елдерге құны 2,5 миллион доллар тұратын 3000  автокөлік сатылады. Олардың сапасы Гуанчжоудағы Оңтүстік-Қытайлық инженерия университетінде тексерілмек. 

China daily мәліметінше, Камбоджаға үш кроссовер және алты седан жеткізіледі. Одан Қытайға 160 мың доллар пайда түседі екен.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Аспанасты елінің он аймағынан ескі темір тұлпарларды экпорттауға рұқсат берілген болатын. Алдағы уақытта Бейжің, Шанхай, Тяньцзинь қалалары пайдаланылған көліктер шет елдерге шығара бастайды.

Мамандардың дерегі бойынша, 2019 жылы Ресейде пайдаланылған көліктерге деген сұраныс 55 пайызға артқан. Ресейліктер шет елден әкелінген арзан көліктерді көптеп сатып алып жатыр. Салдарынан жергілікті автокөлік нарығы зардап шегуде.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу