Қытай инвесторлары Павлодардың әлеуетіне қызығып отыр

2271

Шыңжан-Ұйғыр аймағының бес ірі компаниясының үшеуі "Павлодар" АЭА-да жұмыс істегісі келеді.

Қытай инвесторлары Павлодардың әлеуетіне қызығып отыр

Қытай бизнесі Павлодар өңіріне келмес бұрын облыс әкімі Болат Бақауов Астанада өткен IV Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі отырысы барысында AVIC Securities және Xinjiang Zhongtai Group компанияларымен инвестициялық келісімге қол қойған болатын. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "тараптардың пікірінше, жасалған келісім Қазақстандағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды құрал болады, сондай-ақ тығыз коммерциялық байланысты дамытуға, екіжақты инвестицияның көлемін және технология трансфертін арттыруға негіз болмақ. Қол қойылған құжат негізінде AVIC және Zhongtai Group компаниялары өнідірістік қуат ынтымақтастығының трансшекаралық қытай-қазақстандық қорын құрмақшы, сонымен бірге әкімдік ұсынған инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын. Осы келісім аясында Павлодар облысының әкімдігі серіктестерге қолдан келген көмекті көрсетуге дайын".

Алғашқы бірлескен жоба "Павлодар" АЭА аумағында іске асырылады. Атап айтқанда, Жамбыл облысында орналасқан TENIR компаниясының жобасы бойынша "Тымлай" титан-магнит кен орын базасында салынатын химия-металлургиялық кешен салу жоспары бар. Жобаның жалпы құны 782 млрд теңге деп бағаланып отыр, бірінші транш 122 млрд теңге. Облыстың индустриалды-инновациялық басқармасының басшысы Нұрболат Сейтмағанбетовтың айтуынша, жобаны іске асыру үшін АЖ құрылған. Енді жұмысқа кірісу үшін бірінші транштың түсуін күтіп отыр. Жоба 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қытай инвесторлары сапар барысында АЭА жағдайымен толық танысып, артықшылықтарын білуге тырысқан.

Тағы бір қытайлық жоба Екібастұз индустриалды аймақта іске асатын болады. Бұл –жалпы құны 36 млрд теңгеден асатын техникалық кремний өндірумен айналысатын "ANSA SILICON" ЖШС. Индустриалды-инновациялық басқарманың өкілі Анар Айтқазиннің abctv.kz-ке берген мәліметі бойынша, қытайлық тарап біздегі электр энергиясының құнын білгеннен кейін пештерді орнатуды 4-тен 16-ға дейін арттыруға шешім қабылдаған. Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясының бір киловатын 9 центтен беруге дайын, ал Қытайдағы ең арзан электр энергиясының 1кВт –ы – 80 цент. Егер өндірістің энергия сыйымдылығын ескеретін болсақ, олардың неге қызығып отырғаны түсінікті. Жылдық қуаты 135 мың тонна болатын техникалық кремний өндірісін жолға қою жоспарланып отыр.

Сонымен бірге қытайлық делегация АЭА аумағында салынып жатқан "Gissenhouse" ЖШС кәсіпорны мен жұмыс істеп тұрған "УПНК-ПВ" ЖШС жұмысымен танысты. Бизнесмендер ауыл шаруашылыққа да қызығушылық танытты, оның ішінде оларға жұмыс істеуге берілетін жерге ерекше көңілдері ауды. Жергілікті шенеуніктер инвесторларды  жөндеуге қаражат қажет етіп тұрған "Ертіс-Успен" каналының қайта қалпына келтіру жобасымен таныстырды. Оның ұзындығы 12,6 шақырым, ені 72,6  метр, 10 мың гектарға дейінгі жерді суаруға негізделген. Оны қалыпқа келтіру  көлемді жерлерді суаруға мүмкіндік береді. Оны да аспан асты елінің инветорлары алу ғажап емес.

Нұрболат Сейтмағанбетовтың айтуынша, инвестициялық қор шамамен 5 млрд доллар, бірақ ақшаны облыстар бойынша нақты бөлу жоқ. Кім жылдам қимылдаса, сол алып кетеді.

Шілде айының ортасында қазақстандық делегация ҚХР барады деп жоспарлануып отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Марина Попова, Павлодар
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу