Ресми дереккөздердің мәліметінше, Қытай медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарын көбірек жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар Иорданияның бірнеше ауруханасы мен медициналық мекемесіне бөлініп берілмек.
Көмек тапсыру рәсімінде Қытайдың Иорданиядағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Гун Аньминь Иорданияның палестиналықтарға қолдау көрсетудегі ұзақ жылғы гуманитарлық рөлін жоғары бағалаған. Мысалы, Газа секторында далалық госпитальдар ашу бастамасы да айтуға тұрарлық.
Дипломаттың сөзінше, бұл жолғы көмек Қытайдың палестиналық анклавты қолдауға бағытталған күш-жігерінің жалғасы саналады. Атап айтқанда, өткен жылы азық-түлік салынған 60 мың сәлемдеме жөнелтілген еді.
Гун Аньминь Қытай гуманитарлық қағидаттарды ұстануды, бейбіт тұрғындарды қорғауды және дағдарыстың салдарын жеңілдетуге бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ, Қытай Палестина мәселесін жан-жақты, әділ әрі ұзақ мерзімді реттеуді қолдап отыр.
Иордания Корольдік медициналық қызметі бас директорының орынбасары Хатем әл-Аббади Қытайға көрсеткен қолдауы үшін алғыс жаудырған. Оның сөзінше, берілген көмек Газа тұрғындарының қайғы-қасіретін жеңілдетуге септігін тигізіп, Иордания мен Қытай арасындағы берік қарым-қатынасты көрсетеді.