Онда Иранның ҚХР-мен CM-302 үлгісіндегі дыбыстан жылдам кемеге қарсы зымырандарды сатып алу жөніндегі келісімге қол қоюға жақын екені жазылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сол себепті, Қытай билігі тиісті тараптарды жағдайды шиеленістірмей, ушықтырмай, керісінше оны бәсеңдетуге ықпал ететін бағытты таңдауға шақырып отыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин бұл жөнінде кезекті брифинг барысында мәлімдеме жасаған. Спикерден "аталған зымырандар соңғы жылдары Қытайдың Иранға жеткізген ең озық қару түрлерінің бірі болуы мүмкін" деген жарияланымдардың рас-өтірігін растау сұралған.
– Бұл хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді, – деп қысқа қайырды дипломат.
Ол Қытай ірі мемлекет ретінде өзінің халықаралық міндеттемелерін бұлжытпай орындайтынын да атап өтті.
Қытай жағымсыз сипаттағы қауесеттерді таңу мен жалған ақпарат таратуға қарсы екенін ашық айтты. Әрі тиісті тараптардың шиеленісті жағдайды теріске шығарып, жалған ақпараттың жолын бөгейтініне сенеді.