Қытай Қорғастың 49%-ын иемденбек

Аскар Чокин Аскар Чокин
2918

COSCO Shipping және Ляньюнган порты Khorgos Gateway-дың құрғақ портының 49% үлесін сатып алады.

Қытай Қорғастың 49%-ын иемденбек

Әлемдегі ірі теңіз және логистикалық оператор COSCO Shipping (ҚХР) "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы-экономикалық аймақты (АЭА) дамытуға қаражат салмақ. Осы жылдың 15 мамырында Қытай астанасы Бейжіңде өткен "Бір белдеу – бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, COSCO Shipping корпорациясы және Ляньюнган портының өкілдері "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-ны бірлесіп дамыту туралы инвестициялық келісімге қол қойды.

Қытай инвесторлары бірлесіп Khorgos Gateway-дың құрғақ портының 49% үлесін сатып алады деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Халықаралық логистиканың стратегиялық  серіктестерін тарту – "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-ны дамытуға және Азия мен Еуропа арасында жүк ағынын біріктіру мен дистрибуция бойынша ірі аймақтық хаб құруға қосымша серпін береді.

"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА – COSCO Shipping компаниясымен ұсынылып отырған жаһандық логистикалық сервистер сәулетінің бір бөлігі болып, қазақстандық транзиттік шектердің халықаралық логистика желісімен бірігуін қамтамасыз етеді.

Жасалған келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстандық "Нұрлы жол" бағдарламасының "Жібек жолы экономикалық белдеуі" қытай бастамасымен түйіндесуіне ықпал ететін көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған.  

Келісім жасау салтанатына еліміздің премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сяолун қатысты.

COSCO Shipping  корпорациясы –  әлемдік ірі теңіз операторы және логистикалық қызмет көрсетудің провайдері. Корпорацияның  жалпы көлемі  1,6 млн артық контейнері бар теңіз кемелері бар. Әлемнің 79 елінің 254 теңіз портын біріктіретін 300-ден астам халықаралық ішкі теңіз бағдарын басқарады.  

Ляньюньган порты Сары теңіздегі Қытайдың ірі теңіз айлағы болып табылады, ол әлемнің ең ірі 30 портының құрамына кіреді.

Гүлназ Ермағанбетова, Аскар Чокин
 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу