Қытай мен Қазақстанның халықаралық және өңірлік істердегі ұстанымы ұқсас

506

Екі арадағы сапарлардың саны былтыр 600 мыңнан, ал биыл алғашқы 3 айдың өзінде 200 мыңнан асты. 

Қытай мен Қазақстанның халықаралық және өңірлік істердегі ұстанымы ұқсас Фото: Gettyimages.ru

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында Қытай мен Қазақстанның мәдени байланысына еңбек етіп жүрген қазақтарды атады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өзара визасыз режим екі ел адамдарының бір-біріне, туыстарына жиі сапарлауына мүмкіндік берді. Екі арадағы сапарлардың саны былтыр 600 мыңнан, ал биыл алғашқы 3 айдың өзінде 200 мыңнан асты, жаңа рекорд тіркелетін түрі бар. Өңірлер арасындағы әріптестік те қарқын алып келеді. Әңгіме 26 бауырлас қаланың байланысы туралы болып отыр. Қытайлық науқастардың арасында зор құрмет пен беделге ие офтальмолог дәрігер С. Қабылбеков, сирек кездесетін "панда қаны" тобының доноры Руслан Төленов, Қытайда аса танымал әнші Димаш жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан достығының елшілеріне айналды", - деді ол.

ҚХР төрағасы Бейжің мен Астананың тығыз ықпалдастығы мен қатерлерге қарсы бірге қабылдаған жауаптары халықаралық аренада өз жемісін беріп жатқанын айтады.

"Қытай мен Қазақстанның халықаралық және өңірлік істердегі ұстанымы ұқсас, ортақ, кешенді, бірлескен әрі орнықты қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыруды жақтайды. Екі ел де жер шарында бейбітшілік орнатуға, жаһандық ауқымда дамуға, әділетті әлемдік тәртіпке ұмтылады. Біз "Қытай-Орталық Азия" форматын құрып, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясында және өзге де көпжақты диалог алаңдарында тығыз ықпалдастықтамыз. Бір-біріміздің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі конструктивті бастамаларымызды белсенді қолдап, ортақ стратегиялық мүдделерімізді, қауіпсіздік пен даму мүдделерін батыл қорғап келеміз", - деді Қытай басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу