Қытай алдағы жылдарға арналған тың жоспарымен бөлісті

2218

Онда үкімет өткен жылы атқарылған істер бойынша есеп беріп, алдағы жылдың мақсаттарын айқындайды.

Қытай алдағы жылдарға арналған тың жоспарымен бөлісті Фото: news.cgtn.com

Экономика, әскери бюджет және Қытай қоғамы – басты назарда. 

Қытай парламенті, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (ҰҚК) сейсенбі күні өзінің жыл сайынғы сессиясын бастады. Тяньаньмэнь алаңындағы сарай залында премьер Ли Цянь өзінің алғашқы жұмыс есебін берді.

Оның қысқаша сипаты төмендегідей.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨСІМ

Қытай өзінің даму моделін трансформациялау, өнеркәсіптегі тым қуаттылықты шектеу, меншік секторының тәуекелдерін жою және жергілікті үкіметтердің ысырапшыл шығындарын азайту арқылы биыл экономикалық өсімді шамамен 5%-ға жеткізуді көздеп отыр. Ал бюджеттік тапшылық 3 пайыздан аспауы керек.

ТАЙВАН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС

Тайваньды меңзей отырып, Қытай бұрынғы "бейбіт жолмен қайта қосылу" жайлы мәлімдемелерлен бас тартып, "оны Қытайға қайтару ісін алға жылжытуда табандылық танытатынын ескертті. Қытай, сондай-ақ, биыл қорғаныс шығындарын өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға арттыратынын мәлімдеп отыр.

ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ

Қытай жаңа салаларды дамыту жоспарын жасақтап, технологиялық тәуелсіздікке ұмтылады. Бұған кванттық есептеулер, үлкен деректер және жасанды интеллект секторларын жетілдіру шаралары да кіреді.

БАЛАЛАР МЕН ҚАРТТАР

Қытай жәрдемақылар мен базалық зейнетақыларды көтеру және жеке зейнетақы жүйесін ілгерілету арқылы бала туу көрсеткіштерін жақсарту мен қарттарды қолдау жоспарларын жетілдіруге ниетті. 

ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РЕСУРСТАР

Қытай энергетикалық және ресурстық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұнай, табиғи газ және стратегиялық пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді күшейтіп, қазба отынды тұтынуға бақылауды қатаңдатпақ.

Әлемнің екінші экономикасы үшін азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында мал және балық шаруашылығын тұрақты сақтай отырып, соя және басқа да майлы дақылдар өндірісін кеңейтуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу