Қытай президенті АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барады

Қос тарап екі елдің қарым-қатынасына қатысты негізгі мәселелерді талқылайды.   

Қытай президенті АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барады Фото: theglobeandmail.com

Бұл – Си Цзиньпиннің 2015 жылдан бергі АҚШ-қа алғашқы мемлекеттік сапары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен 23-25 қыркүйек аралығында Америка Құрама Штаттарына мемлекеттік сапармен барады, – делінген Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Сапар барысында Си Цзиньпин мен Дональд Трамп Қытай-АҚШ қарым-қатынасына қатысты негізгі мәселелерді, сондай-ақ әлемдегі бейбітшілік пен даму мәселелерін талқылайды. Екі мемлекет басшысының алты ай ішінде өзара сапар жасауы тарихи әрі маңызды кезең болмақ.

Сапардың алдында екі елдің жоғары лауазымды өкілдері экономикалық және сауда мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Тараптар жасанды интеллект мәселесін де талқылаған.

Бұл – Си Цзиньпиннің 2015 жылдан бергі АҚШ-қа алғашқы мемлекеттік сапары. Қытай көшбасшысы 2023 жылы АҚШ-та болғанымен, сол кезде ол Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында Джо Байденмен кездескен еді.

Ал биыл мамырда Дональд Трамп Қытайға мемлекеттік сапармен барып, Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу